18.05.2026, 10:30

«Қағазда бәрі керемет»: Боралдайдағы жаңа асфальт халықтың ашуын туғызды

Фото: видео скриншот

Іс жүзінде су жаңа асфальт көз алдында үгітіліп, ортасынан қақ айырылған.

Боралдай кентінің Әйтеке би (Черемушки) шағын ауданында жаңадан төселген жолдардың сапасы жергілікті тұрғындардың жағасын ұстатып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Іле ауданы әкімдігі мен мердігер мекеме «жұмыс бітті» деп есеп бергенімен, іс жүзінде су жаңа асфальт көз алдында үгітіліп, ортасынан қақ айырылған. Тұрғындар күнделікті көліктерімен осы қауіпті шұңқырларды айналып өтіп, бас сауғалауға мәжбүр.

Сапасыз атқарылған жұмысқа бюджеттен қанша миллиондардың кеткені және оған кімнің жауап берері әзірге белгісіз. Атқамінерлер мен мердігерлер үнсіздік танытып, мәселені жылы жауып қойғысы келетін сияқты. Халық бұл сорақылықты тоқтатып, кінәлілерді ашық түрде жауапқа тартуды талап етуде.