$ 470.17  547.47  6.42

Атыраудағы отбасы өлімі: сот отырысы басталды

Айыпталушының мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғап жатыр.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Атырауда елді дүр сілкіндірген резонансты қылмыстық істердің бірі – Жангелдин ауылында бір отбасының қаза табуына қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Айта кетерлігі, іс ашық форматта қаралып жатыр. Сот отырысына судья Зарема Хамедуллина төрағалық етуде. Өңірдегі ең резонансты әрі ауыр қылмыстық істер көп жылдан бері дәл осы судьяға тапсырылып келеді. Ол бұған дейін Яна Легкодимованы өлтіру ісін қарап, айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.

Айыпталушылар орнында Сұлтан Сәрсемәлиев отыр. Оған төрт адамды өлтірді, сондай-ақ марқұмдардың малын сатып, банк карталарын иемденді деген айып тағылған. Ол сот өтетін ғимаратқа арнайы айдауылмен жеткізілді.

Айыпталушының мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1