Бүгін күдікті ретінде доқта отырған — осы әулеттің бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев.
Марқұм Асыл Мұханғалиевтің әпкесі сот алдында көз жасын тыя алмай, қылмыскердің ең ауыр жаза алуын сұрады. Оның айтуынша, айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Бүкіл елдің жағасын ұстатқан бұл қанды оқиға бойынша сот процесі Атырауда ресми түрде басталды.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай салдарынан ерлі-зайыптылар мен олардың екі шиеттей баласы қатыгездікпен өлтірілген еді. Бүгін күдікті ретінде доқта отырған — осы әулеттің бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев. Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше ауыр баптары бойынша айып тағылып отыр.
Сот ғимаратына республикалық БАҚ өкілдері, марқұмдардың жақындары мен бейжай қарамаған қала тұрғындары көп жиналды.
Қаралы отбасының туыстары бұл күнді ұзақ күткенін және соттың әділ үкім шығарарынан үмітті екенін жеткізді. Көп балалы бір әулетті түбімен жоқ қылған бұл қылмыстың қалай аяқталарын бүкіл халық жіті бақылауда ұстап отыр.