18.05.2026, 16:00

«Бұл түсім бе өзі»: Қазақстандық суретші әйгілі Николь Шерзингер мен Тимбалэндке туындысын сыйға тартты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Кери ханым ұшып келе салысымен оны осындай сыйлық күтіп тұрды!

Көпшілікке Ассоль лақап атымен танымал алматылық суретші Әсел Сабыржанқызы әлемдік әншілер Николь Шерзингер, Тимбалэнд және Кери Хилсонға өз туындыларын сыйлады. Суретші әлеуметтік желідегі парақшасында бірқатар видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогер суретін алдымен Кери Хилсонға сыйлаған. Кадрлардан әншінің таңданысын бірден байқауға болады, ол таңғалып, өзінің портреті салынған кілемді ұстап көріп, бірнеше сұрақ қояды.

“Кери ханым ұшып келе салысымен оны осындай сыйлық күтіп тұрды! Ол өте мейірімді, стильді, сұлу әрі сүйкімді екен. Сөйтсем, ол менің видеомды көріп үлгеріпті, тіпті оны өз сторисіне де салып қойыпты”, – деп жазды Ассоль.

Тарту алған екінші әртіс – Николь Шерзингер. Видеода Әсел Сабырданқызы эмоциясын жасырмай, әлемдік деңгейдегі әншіге өз туындысын табыстайтынына қуанышын жасырмады.

“Мен Николь Шерзингерге картина сыйладым. Бұл түсім бе өзі? Ол керемет жан екен: мейірімді, ашық, өте сұлу! Ол мені құшақтады. Ағылшын тілімнің деңгейі барлық ойымды жеткізіп, онымен еркін сөйлесуге мүмкіндік бермегені өкінішті. Ал мен оған жаңа картина салып үлгердім”, – деп жазды блогер.

Ал Николь Шерзингер қазақстандық суретшіні құшақтап, ерекше алғысын білдірді.