$ 470.17  547.47  6.42

Президент Орталық Азия елдері мен Қытайдың күштік ведомство басшыларымен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Қытай" форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" форматындағы салалық ведомстволардың екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунды, Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековті, Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданы, Түрікменстанның Ішкі істер министрі Мұхаммет Хыдыровты және Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатовты қабылдады.

Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік, экстремизммен және басқа да қазіргі сын-қатерлермен күрес мәселелері талқыланды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0