$ 470.17  547.47  6.42

Оралда мектеп оқушысы ажал құшты

Департамент деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы 7 адам су батып, көз жұмса, соның біреуі бала еді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Орал қаласында «Телеорталық» маңында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні болды.

— Шаған өзені жағасында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2014 жылғы бала суға құлап, батып кетті. Құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан іздеп тауып, алып шықты, — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл — өңірдегі осындай бірінші оқиға. Дегенмен облыста шомылу маусымы басталған жоқ.

Департамент деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы 7 адам су батып, көз жұмса, соның біреуі бала еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0