Өткен тарихтың қиын кезеңдері жайлы ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов айтып берді.
90 жасқа толып, ел көлемінде мерейтойы өтіп жатқан Халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовты жас кезінде жерлесті түрмеге тықпақ болған. Кеңес Одағында қолына қалам алған танымал тұлғалар Олжастың аты дүркіреп шыққанда, жау болып шыға келген. Алайда ақынды жазадан, қастандықтан Қонаев алып қалған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Өткен тарихтың қиын кезеңдері жайлы ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов айтып берді.
«1975 жылы Аз и Я» кітабы шығып бүкіл әлемді шулатты. Кітаптың он бетін оқыған соң әлемнің ғалымдары, түркологтары, лингвистері естерінен танып қала жаздады. Сосын шошыды. Мына Олжасты құрту керек деп шулады. Жүз мың данамен шыққан кітапты бір күнде жойып, жоқ қылды», - деді ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов.
Бүгінде 90 жасқа толып, абыз ақсақал атанған Олжас Сұлейменовтың елге деген азаматтығы ерен, арда туған азамат. Оны бүкіл халық жақсы көреді. Биязы да өресі жоғары ақынның шығармалары аз емес. Ол өзінің өткір өлеңдері арқылы елін әлемге, бүкіл Одаққа танытты. Алтын жалды арғымақ, күміс қанатты ақсұңқар атанған арда азаматтың мерейтойы ел көлемінде тойланып жатыр.
«Сонда жасы қырықтан еді асқан ақынға бір ғана адам араша түсті. Ол - Дінмұхамед Қонаев. Олжас Сұлеменовты құрту керек, өлтіру керек деп Одақтың пысықтары шулағанда, Брежневке түсіндіріп, Олжасты аман алып қалған Қонаев. Ал кейін Дінмұхамед Қонаевтың басына күн туып, жұрттың бәрі пленумда жарыса сөз сөйлеп, бәрі Қонаевты сатып кеткенде, қарсы дауыс берген осы - Олжас Сүлейменов. Сонда Олжас жалғыз өзі қалған Қонаевтың жанына барып отырды. Бүкіл әлем сол кезде Олжасты тани бастады. Ол әлемге «арғымақ», «жігіт», «айналайын» сөздерді айтты. Әлемге жылы сезім ұялатты», - деді Одақтың төрағасы.