19.05.2026, 09:50

Қарағандыда кішкентай баланы ит қауып, жарақаттаған

Фото: видеодан скрин

Бұл аймақтағы алғашқы жағдай емес.

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында тағы да сұмдық жағдай орын алды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, көршінің иті оның шиеттей баласына тап беріп, жарақаттаған.

Бұл аймақтағы алғашқы жағдай емес. Ресми дерекке сүйенсек, өткен жылдың өзінде Қарағанды өңірінде 4 мыңнан астам адам ит қапқанын айтып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Ал жалпы еліміз бойынша бұл көрсеткіш 41 мыңнан асып жығылады.

Сұмдығы сол, бұл зардап шеккендердің жартысынан көбі — қорғансыз балалар. Мәселен, жуырда ғана Батыс Қазақстан облысында бір топ ит 5 жасар қызды талап, бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шықты.

Бүгінде бұл мәселе әлеуметтік желіде де, қоғамда да қызу талқыланып жатыр. Қазір жауапты органдар қаңғыбас жануарларды бақылауға алып, қауіпсіздікті күшейту жұмыстарын бастағанын айтады. Алайда, ата-аналарға бала қауіпсіздігіне барынша сақ болудан басқа амал қалмай тұр