$ 467.58  543.66  6.44

Қазақстанда 30-дан астам вокзал жөндеуге келмей, толық бұзылған

Сауранбаевтың айтуынша, негізгі мәселелер қаржыландырудың жеткіліксіздігі және қосымша құрылыс ұйымдарын тарту қажеттігі.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Нурлан Сауранбаев айтуынша, Қазақстанда 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның сөзінше, 30-дан астам вокзал ғимараты толықтай дерлік сүрілуге мәжбүр болған, себебі оларды жөндеу енді мүмкін болмаған. Қазір бұл вокзалдар қайтадан жаңадан салынып жатыр.

«Олар әрі қарай жаңғыртуға жарамсыз болды. Сондықтан нысандар нөлден бастап қайта салынуда. Қазірдің өзінде 46 вокзал пайдалануға беруге дайын. Жаздың соңына дейін бұл көрсеткішті 109 вокзалға жеткізуіміз керек», деді Сауранбаев Үкіметтегі брифингте.

Сонымен қатар, кейбір вокзалдардағы жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Министр мұны күрделі жаңғыртуды қажет ететін нысандардың барымен және олардың кейбірі тарихи мұра санатына жататынымен түсіндірді. Сондықтан мұндай вокзалдарда жұмыстарды жүргізу мен мердігерлерді таңдауға ерекше тәсіл қажет.

Сауранбаевтың айтуынша, негізгі мәселелер қаржыландырудың жеткіліксіздігі және қосымша құрылыс ұйымдарын тарту қажеттігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0