Министрдің айтуынша, алаңдауға негіз жоқ.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының қарызы 5 трлн теңгеден асқалы отыр. Бұған дейін ұлттық компанияның юаньмен тағы 260 млн доллар қарыз тартуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Қазіргі таңда ҚТЖ-ның берешегі шамамен 4,7 трлн теңгені құрайды.
Осыған байланысты қоғамда «ұлттық компания қарызын жаба алмай қалмай ма?» деген сауал қойылды
Министрдің айтуынша, алаңдауға негіз жоқ.
«Бес жыл бұрын ҚТЖ қарызды өтеу жағынан “қызыл сызық” деңгейінде тұрған. Қазір жағдай мүлде басқа. Соңғы жылдары компанияның табысы 10 есе өсті», - деді Сауранбаев.
Оның сөзінше, компанияның қаржылық көрсеткіштері жақсарғандықтан, жаңа қарыздар ҚТЖ үшін қауіпті емес.
Алайда сарапшылар арасында ұлттық компанияның қарыз жүктемесіне қатысты күмән әлі де бар. Себебі триллиондап қарыз алу болашақта тарифтердің өсуіне немесе бюджетке салмақ түсуіне әкелуі мүмкін деген пікір айтылып жүр.