19.05.2026, 14:00

Елде аэротакси пайда болуы мүмкін

Фото: kt.kz

Министр әзірге мұндай қызметтің құны туралы айтуға ерте екенін атап өтті.

Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда аэротаксиді іске қосу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, жоба әзірге сынақ кезеңінде. Қазіргі уақытта қону алаңдары салынып, әуе көліктері сатып алынып жатыр. Жоспар бойынша аэротакси бір уақытта төрт жолаушыға дейін тасымалдай алады.

Министр әзірге мұндай қызметтің құны туралы айтуға ерте екенін атап өтті. Жобаны іске қосу үшін заңнамаға арнайы түзетулер енгізу қажет болады. Сонымен қатар, Сауранбаев уақыт өте келе аэротакси қолжетімді көлік түріне айналуы мүмкін деп есептейді.