$ 467.58  543.66  6.44

«Мені тастап кетпейсің бе»: зағип бала Айсұлтанның сұрағы көпті жылатты (ВИДЕО)

Анасының айтуынша, Айсұлтан өмірге шала туған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында тұратын 3 жасар Айсұлтан туғаннан көру қабілетінен айырылған. Оның анасы әлеуметтік желіде баласының күнделікті өмірі мен кішкентай жетістіктерін бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Анасының айтуынша, Айсұлтан өмірге шала туған.

«Балам бұл өмірге уақытынан ерте, 34 аптасында 2500 грамм, 48 см болып келді. Өмір үшін үлкен күресті бастаған батырым. 21 күн болғанда дәрігерлер «балаңыздың көзі көрмейді, қайта тексерілуге келіңіз» деді», - деп бөлісті анасы.

Қазір ата-анасы ұлын болашақ өмірге бейімдеуге бар күшін салып келеді. Анасы оған таяқ ұстап жүруді, айналаны сезінуді, баспалдақпен түсіп-шығуды үйретіп жүр. Бұл сәттердің видеосын әлеуметтік желіге жүктеп отырады.

Соңғы жарияланған видеолардың бірі желі қолданушыларын ерекше толқытты. Кадрда Айсұлтан баспалдақпен түсіп келе жатып, анасына «мені далада тастап кетпейсің ғой» дейді. Баланың осы бір сөзі көпшіліктің жүрегіне әсер етіп, желіде оған қолдау білдірген пікірлер көбейді.

Тіпті шетел азаматтары да Айсұлтанға жылы лебізін жолдап, сыйлық жібергісі келетінін айтқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0