$ 467.58  543.66  6.44

«Марқұмның атына несие рәсімдеген»: Сәрсемәлиевке қатысты жаңа дерек шықты

Тергеу дерегі бойынша, марқұмның атына жалпы сомасы 4 048 570 теңге болатын төрт несие алынған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты істе жаңа сұмдық жайттар белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тергеу мәліметінше, айыпталушы Наурыз Мұқанғалиев қайтыс болғаннан кейін оның телефоны мен банк аккаунтын пайдаланып, бірнеше несие рәсімдеген.

Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемәлиев Kaspi.kz қосымшасының құпиясөздерін алдын ала жаттап алған. Кейін марқұмның Samsung A25 телефоны арқылы қосымшаға кіріп, тауарлық несиелер рәсімдей бастаған.

Тергеу дерегі бойынша, марқұмның атына жалпы сомасы 4 048 570 теңге болатын төрт несие алынған.

Айыптау нұсқасына сәйкес, күдікті марқұм қайтыс болған соң несие міндеттемелері жойылады деп ойлаған. Кейін ақша бірнеше ЖШС мен жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке қажетіне жұмсалған.

Қазір Сұлтан Сәрсемәлиевке адам өлтіру, алаяқтық, ұрлық және жеке құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша айып тағылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1