19.05.2026, 18:20

Екінші әуежай Астананың қай бөлігінде салынады?

Фото: depositphotos.com

Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.   

Ол Үкіметте өткен брифингте Астананың екінші әуежайын салуға қай ауданның қарастырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

– Қазіргі уақытта екі негізгі орын қарастырылып жатыр. Басымдық Балқарағай бағытына берілген. Нақты шешім техникалық-экономикалық негіздемеден кейін белгілі болады. Бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Негізгі екі орын қаралуда, соның бірі – Балқарағай бағыты, – деп жауап қатты министр БАҚ өкілдерінің сұрағына. 

Сондай-ақ, министр ықтимал инвестор мен жобаның құны туралы сұрақтардан айналып өтпеді. 

– Жаңа әуежайлар өте ауқымды болып салынғандықтан, оған үлкен инвестиция қажет. Қазір серіктес таңдау жұмыстары жүріп жатыр. Үлкен әуежайлар сала алатын технологиялық серіктес те, инвестициялық серіктес те керек. Бұл жобамен толыққанды Астана әкімдігі айналысып отыр, олар бірқатар компаниямен келіссөз жүргізуде. Әзірге келіссөздердің нақты жай-жапсарын айта алмаймын, – деп толықтырды сөзін Нұрлан Сауранбаев.