$ 467.58  543.66  6.44

Астанада ірі өрт: Жанып жатқан коттеджден бала құтқарылды

19 мамырда түстен кейін Алматы ауданындағы Қосалқа көшесінде екі қабатты ғимарат өртенді.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Астанадағы Қосалқа көшесі бойында өртенген екі қабатты коттеджден баланы құтқарып алды. Өрт ауыздықталды, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

19 мамырда түстен кейін Алматы ауданындағы Қосалқа көшесінде екі қабатты ғимарат өртенді. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап кетті.

ТЖМ мәліметінше, тұрғын емес ғимараттың шатыры жанған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, от шатырды толық шарпыған болатын.

Өрт өршіп кеткен, ал оны сөндіру жұмыстары жанғыш материалдардың көптігі мен қою түтін салдарынан қиындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0