"Сөйлей алмай қалдым".
Атырауда болған қайғылы оқиғаға байланысты айып тағылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев журналистерге пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, ұлымен өте қысқа уақытқа ғана кездесуге мүмкіндік берілген.
Кездесу бірнеше минутқа созылып, толыққанды сөйлесуге жағдай болмаған.
"Көріп шықтық. Кездесу ұйымдастырды. Бар болғаны 5 минуттай ғана уақыт берілді. Не айтып, не қойғанымыз да есімде жоқ. Сөйлей алмай қалдым. Қазір нақты ештеңе белгісіз. Сот әлі болған жоқ", – деді Самиғолла Сәрсемәлиев.