$ 471.93  548.43  6.61

Солтүстік Қазақстан жантүршігерлік жол апатынан 2 адам ажал құшты

Апат салдарынан «Нива» көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Фото: asked.com.ua
Фото: asked.com.ua

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға республикалық маңызы бар «Петропавл–Жезқазған» автожолының 808-шақырымында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 16:00 кезінде тіркелген. Петропавл қаласынан Сергеевка бағытына қарай келе жатқан «Нива» автокөлігі жол жиегінде тоқтап тұрған «ГАЗель» көлігіне соғылған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Шал ақын ауданындағы Кеңес және Жаңажол ауылдарының арасында болған.

Апат салдарынан «Нива» көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал 45 жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, қабылдау бөлімінде көз жұмған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және жолда барынша мұқият болуды ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0