Қоғамдық орындағы мұндай бейбастық қала тұрғындарының арасында үлкен талқылау тудырды.
Алматының қоғамдық көлігінде заң мен мәдениетті белшесінен басқан кезекті оқиға жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан автобус ішінде еш қысылмай шылым шегіп отырған ер адамды көруге болады.
Қоғамдық орындағы мұндай бейбастық қала тұрғындарының арасында үлкен талқылау тудырды. Көпшілік жолаушылардың бұл сорақылыққа еш реакция білдірмегеніне, үнсіз қарап отырғанына қатты кейіп жатыр.
Пікір білдірушілердің бір бөлігі «бәлкім, басына ауыр іс түскен шығар» деп ақтауға тырысса, енді бірі тәртіпсіздікке ешқандай сылтау жүрмейтінін айтуда. Қалалық қоғамдық көлік - біреудің жекежайы емес, жүздеген адам жүретін ортақ орын.
Мұндай әрекет тек заңды бұзу ғана емес, айналадағы халықты сыйламаудың айқын көрінісі. «Қотырды жасырсаң, тырнағы түседі» демекші, мұндай бассыздыққа көз жұма қарау қоғамның дертіне айналып барады.