$ 471.77  547.25  6.6

Құрбан айт 2026: Астанада құрбандық шалынатын орындар белгіленді

Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланғандай, Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланғандай, Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.

Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі.
Осы мақсатта елордада бес мамандандырылған алаң белгіленді:

• Байқоңыр ауданы: «Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6;

• «Баракат» базары – А 369 көшесі, 10;

• «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;

• «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.

• Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды.

Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.

Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0