21.05.2026, 10:20

«50 жыл армандаған»: Түркістан облысында 70-ке таяған кейуана ұзатылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Ол күйеу жігітімен ауыл арасын лимузинмен аралаған.

Түркістан облысында 70-ке таяған кейуана ұзатылды. Ерекше той Сарыағаш ауданындағы Мәдениет ауылында ұйымдастырылды. Зейнеткер апаны туыс келіндері екі жағынан сүйемелдеп шығарып салған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қалыңдықтың киімін киген әжейді ақ матаның үстімен қос жағынан сүйемелдеген келіндері лимузинге дейін жеткізді. Осылайша 69 жастағы қалыңдық пен 74 жастағы күйеу жігіт ауыл арасын лимузинмен аралаған.

50 жыл бұрын Боранкүл апаны күйеуі Сапарғани алып қашқан екен. Жарты ғасырдан соң алтын тойда ерлі-зайыпты қыз ұзату рәсімін жасаған. Боранкүл әжей туған інісінің үйінен ұзатылған.

Ал мерекені ата мен әжейдің балалары, келіндері мен немерелері ұйымдастырған.