21.05.2026, 14:30

Ардақ Назаров халық сынынан кейін журналистерден қашып жүр ме?

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров соңғы уақытта журналистердің сұрағына жауап бермей, сұхбат беруден бас тартып жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс отырысы аяқталған бойда ол тілшілердің сұрақтарын елеместен залдан тез шығып кететіні байқалып жүр.

Еске салайық, бұған дейін Ардақ Назаров қоғам сынының астында қалған болатын. Қоғамда оның бірқатар мәлімдемелері мен Мәжілістегі әрекеттері қызу талқыланып, сынға ұшыраған еді. Сол жағдайдан кейін оның журналистерден қашқақтауы жиілегені айтылып жүр.