Ведомство мұндай әрекеттердің барлығы қатаң бақылауда екенін атап өтті.
Қорғаныс министрлігі әскердегі тәртіп пен ішкі ахуалға қатысты бірқатар маңызды мәлімдеме жасады. Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта әскери бөлімдерде сарбаздарды соққыға жығу фактілері ресми түрде тіркелмейді. Дегенмен, әскер ішінде күнделікті тәртіп бұзушылықтар орын алып отырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олардың қатарында әскери бөлімнен өз бетінше кету жағдайлары, әскери қызметшілердің бейберекет жиналуы, қоймалар мен қызметтік нысандарға рұқсатсыз кіру сияқты оқиғалар бар. Ведомство мұндай әрекеттердің барлығы қатаң бақылауда екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі 50 жасқа дейінгі азаматтарды әскерге шақыру туралы бастамаға да түсініктеме берді. Қазіргі таңда бұл ұсыныс қарастырылып жатқанымен, оны енгізу бойынша нақты шешім қабылданбаған. Министрлік шақыру және мобилизациялық дайындық жүйесін жан-жақты талдауды жалғастырып отыр.
Тағы бір өзекті мәселе – әскердегі тамақтану жүйесін жаңғырту. Вице-министрдің айтуынша, кейбір әскери бөлімдерде «швед үстелі» форматы пилоттық режимде сынақтан өткізілген. Жоба нәтижелері сарапталып жатыр, ал оның тиімділігіне қарай бүкіл армияға енгізу мәселесі қарастырылмақ