$ 471.77  547.25  6.6

Астанадағы дәмханаларға ит еті жеткізілді деген ақпаратқа ветеринарлар жауап берді

Сондай-ақ мекеме елордада жануарлар өнімдеріне тұрақты ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізілетінін атап өтті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

 

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарына ірі көлемде ит еті жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Алайда ветеринарлық қызмет бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Астана Ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының хабарлауынша, желіде тарап жатқан ақпарат 2023 жылы Ақмола облысында тіркелген оқиғаға қатысты. Ол кезде жануарлардан алынатын өнімдердің заңсыз айналымы анықталып, іс бойынша полиция тергеу жүргізген. Кейін сот шешімімен кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған.

Ветеринарлық қызметтің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін Астанадағы мейрамханаларда, дәмханаларда немесе асханаларда мұндай өнімдерді жеткізу, сату не пайдалану фактілері ресми түрде тіркелмеген.

Сондай-ақ мекеме елордада жануарлар өнімдеріне тұрақты ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізілетінін атап өтті. Оның аясында ілеспе құжаттар тексеріліп, жеткізушілер бақылауға алынады және азық-түлік қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қадағаланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0