Үкімет енді осы жеңілдіктер шынымен нәтиже берді ме, жоқ па - соны тексереді.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда салық жыл сайын жағдайға қарай өзгеріп отыратынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, соңғы жылдары жер қойнауын пайдаланатын ірі компанияларға салық көбейген. Мысалы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық 50%-ға дейін көтерілген. Экспортқа шығатын тауарларға да қосымша төлемдер енгізілген.
Ал шағын және орта бизнеске керісінше жеңілдік берілген. Бұрын кәсіпкер жылына 87 млн теңгеден асса ҚҚС төлеуі керек болатын. Қазір бұл шек шамамен 2,5 млрд теңгеге дейін өскен. Яғни көп кәсіпкер бұрынғыдай ҚҚС төлемей жұмыс істей алады.
Әмрин әуе отынына ҚҚС бойынша берілген жеңілдікке де түсініктеме берді. Айтуынша, бұл шешімнің мақсаты – ұшақ билеттерінің бағасын арзандату болған.
Үкімет енді осы жеңілдіктер шынымен нәтиже берді ме, жоқ па - соны тексереді. Ол үшін жаңа Салық кодексі 2026 жылы толық жұмыс істеп шығады. Кейін 2027 жылы қорытынды жасалып, есеп Парламентке ұсынылады.