Шамамен 5 жастағы құтқарылған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Алматының Алатау аданындағы Мәдениет ықшам ауданында алты қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтер терезесінде кішкентай баланың отырғаны және оның құлап кету қаупі бар екені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен ашық терезе маңында тұрған баланы құтқарып алды. Оқиға кезінде пәтердің есігі құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.
Шамамен 5 жастағы құтқарылған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.