Айта кетейік, қайырымдылық жасап жүрген азамат мамыр айының өзінде екі отбасыға баспана тарту еткен.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған. 44 жастағы Жамалға күтпеген жерден көмек көрсетілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әйелдің қызы онкологиялық дерттің 4-сатысымен арпалысып жатыр. Сонымен қатар, отбасының жеке баспанасы да жоқ.
– Қызыма Түркияда шұғыл ота жасау керек. Оның құны – 18 миллион теңге. Біздің баспанамыз жоқ. Мен шиномонтажда жұмыс істеймін, осы жерде тұрамыз. Менің дәл қазіргі мақсатым – қызымның жағдайын жақсарту, емдеу. Мен қызымсыз өмір сүре алмаймын, – дейді көзіне жас алған Жамал видеода.
"Маскалы" жігіт бұл отбасыға үй сыйлап, қыздың еміне қажет барлық шығынды өз жауапкершілігіне алған.
Айта кетейік, қайырымдылық жасап жүрген азамат мамыр айының өзінде екі отбасыға баспана тарту еткен.