22.05.2026, 15:20

Арқалықта су айдынынан бойжеткеннің мәйіті табылды

Фото: pixabay

Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.

Арқалықтағы су айдындарының бірінен бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Су айдынынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған қыздың мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.