22.05.2026, 18:00

Артық майынан арылғысы келген ақтаулық депутат ажал құшты

Фото: жақындарының архиві

Марқұмның туыстары клиниканың салғырттығын алға тартып, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.

Ақтауда мәслихат дептутаты Ербол Айтуов жекеменшік “Қасиет” клиникасында жасалған ментопластика операциясынан кейін көз жұмды. Ол иек астындағы майды алдыру үшін ота жасатқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Операция барысында оның жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы мен қант деңгейі жоғарылап, инсульт алған. Бір ай комада жатқан депутат есін жимастан қайтыс болды.

Марқұмның туыстары клиниканың салғырттығын алға тартып, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде. Тексеру барысында медициналық мекемеден бірқатар заңбұзушылықтар анықталғаны хабарланды, іс прокуратураға жолданбақ.