Белсенділер Ақтаудағы теңіз жағалауында Каспий маңындағы барлық мемлекеттерге үндеу жасап, экологиялық бастамалар өткізді және өңірлік экологиялық саммитте теңіздің сақталуы мәселесін талқылады.
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында қалалардың болашағы, экология және тұрақты даму мәселелеріне арналған әлемдегі ең ірі халықаралық алаңдардың бірі — 13-ші Дүниежүзілік қалалық форум (WUF13, World Urban Forum) өтті. Форумға әлемнің 182 елінен өкілдер, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, үкімет және азаматтық қоғам мүшелері қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Форум аясында «Climate Resilient Cities and Communities across the Caspian Region: Unlocking Climate Finance for Urban Adaptation» атты экологиялық сессияда Жаңа адамдардың AntiTrash азаматтық науқанының өкілдері Каспий теңізі мәселесін көтерді. Каспий өңіріндегі климатқа төзімді қалалар туралы талқылау адамның табиғатқа, елге және айналасындағы ортаға деген жауапкершілігі туралы тақырыпқа айналды. Осыған дейін Жаңа адамдар Қазақстан ішінде Каспий мәселесін көтерген болатын. Белсенділер Ақтаудағы теңіз жағалауында Каспий маңындағы барлық мемлекеттерге үндеу жасап, экологиялық бастамалар өткізді және өңірлік экологиялық саммитте теңіздің сақталуы мәселесін талқылады. Бүгінде бұл тақырып Бакуде өткен халықаралық деңгейде жалғасын тапты. Бүгінде Каспий мәселесі халықаралық күн тәртібінде жиі айтыла бастады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теңізді сақтау мәселесін ел ішінде, халықаралық алаңдарда бірнеше рет көтерді. Табиғатқа жанашыр болу — Қазақстандағы жаңа қоғамдық сананың бір бөлігіне айналып, Жаңа Халықтық Конституцияда елдің болашағымен тікелей байланысты құндылық ретінде бектілді. Тұрақты даму тек институттар мен халықаралық ұйымдардың шешімдері арқылы ғана қалыптаспайды. Нақты өзгерістер адамның өз еліне және қоршаған ортаға жеке жауапкершілікпен қарауынан басталады. Табиғатты өз болашағының бөлігі ретінде сезінген кезде ғана оны қорғауға және дамытуға деген ұмтылыс пайда болады. Осы қағидаларды қолдау мақсатында Жаңа адамдар форум алаңында Каспий теңізіне арналған көркем бейне ұсынды. Толқын қозғалысына ұқсас көйлек Каспий экожүйесінің символына айналды. Су элементтері мен киім силуэті теңіз деңгейінің төмендеуі, биоалуантүрліліктің азаюы және қазіргі экологиялық өзгерістерді бейнелейді. «Save the Caspian Sea» жазуы адамның әрекеті мен Каспий жағдайының өзара тығыз байланысын еске салатын көрнекі белгі болды. Аманов Бауыржан, Жаңа адамдар: «Біз Каспий тағдырына бейжай қарамайтын жандарға — жастарға, азаматтық қоғамға, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түрікменстан және Иранға — теңіз біріктіретін барлық елдерге үндеу жасаймыз. Каспий тағдыры әрқайсымызға қатысты. Бұл — болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік».