22.05.2026, 21:30

Тойына балалар үйінің балаларын шақырған жас жұбайлар көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Кадрлардан жасөспірім ұлдар мен қыздардың тойға арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысқанын көруге болады.

Әлеуметтік желіде үйлену тойынан түсірілген әсерлі видео тарап, жас жұбайлар көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тойдың нақты қай өңірде өткендігі белгісіз.

Дегенмен видеоны жариялаған парақшаның атауына қарағанда, мерекелік кеш Шымкент қаласында ұйымдастырылған болуы ықтимал.

Кадрлардан жасөспірім ұлдар мен қыздардың тойға арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысқанын көруге болады.

Желі қолданушылары видео астына жүрек пен түрлі жылы смайликтер қалдырып, жас отбасыға ақ тілектерін жаудырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда отау құрған жас жұбайлар тойының бір бөлігін қайырымдылыққа арнаған еді.

Олар дәстүрлі думанды кештің орнына уақыттарының бір бөлігін Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде өткізген.