. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өлімінен соң қылмыстық іс қозғалды. Депутат пластикалық ота жасау кезінде қайтыс болған еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"49 жастағы ер адамның өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі жан-жақты әрі объективті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Stan.kz басылымы Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов Ақтаудағы пластикалық отадан кейін көз жұмғанын жазған едік.
49 жастағы ер адам иегіне липосакция жасату үшін клиникаға жүгінген.
4 сәуірде наркоз енгізу кезінде емделушінің жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы мен қанындағы қант деңгейі көтеріліп кеткен. Бұл ишемиялық инсультке және комаға әкеп соқтырған. Бір айдан кейін ол қайтыс болды.
Жоспардан тыс тексеріс клиникадан бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Өңір прокуратурасы іс құзыреттілігіне қарай полицияға жолданғанын хабарлады.