23.05.2026, 18:30

Теміртауда екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалған

Фото: Pixabay

Жол апаты 22 мамыр күні сағат 12 шамасында тіркелген

Теміртау қаласында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол апаты болды. Жол апаты 22 мамыр күні сағат 12:12 шамасында Момышұлы даңғылында тіркелген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәлімет бойынша, жолда Jac және Chevrolet маркалы екі жеңіл көлік соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан автокөліктердің бірі төңкеріліп, шатырымен жерге түскен. Жол апаты салдарынан үш адам медициналық мекемеге жүгінген. Олардың екеуі Chevrolet автокөлігінің жолаушылары болса, тағы бір зардап шеккен азамат Jac көлігінің жолаушысы.

Қарағанды облысының полиция департаменті өңірдегі автокөлік жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салады. Тәртіп сақшылары жолға шыққанда жылдамдық режимін, көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды және барынша мұқият болуды сұрайды.