24.05.2026, 11:30

Алматыда жоғалған 25 жастағы жігіттің жансыз денесі табылды

Фото: instagram / volontery_lider.kz_almobl

Оның сөзінше, Ерзат шамамен сағат 14:30 шамасында Райымбек даңғылы бойындағы 147Б үй маңындағы құрылыс нысанынан шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы Ерзат Егізбай өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілермәлімдеді. Айтуларынша, Жетісу ауданында із-түзсіз кеткен Ерзат Шалқарұлы Егізбайды іздеу қаралы хабармен аяқталған.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Осындай ауыр қасіретте сабыр мен төзім тілейміз. Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары қаралы нәтижемен аяқталды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ерзаттың жоғалғаны туралы арызды 19 мамыр күні оның ағасы Азамат Егізбай жазғаны туралы ақпарат тараған. Оның сөзінше, Ерзат шамамен сағат 14:30 шамасында Райымбек даңғылы бойындағы 147Б үй маңындағы құрылыс нысанынан шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Жас жігіттің телефоны соңғы рет Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында, Есік саяжайлары мен «Көксай» бау-бақша серіктестігі аумағында белгі берген.