Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Рудный қаласында Космонавтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
ТЖД күштері автосатының көмегімен 4 адамды құтқарды. Сонымен қатар баспалдақ маршымен 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.
Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінің бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде өрт шыққан болатын.