$ 470.8  545.99  6.6

Нұрлан имам құрбандықтың төресі қандай екенін айтты (ВИДЕО)

Сондай-ақ Нұрлан имам адамдарды ысырапқа жол бермеуге, құрбандықты шынайы ниетпен шалуға шақырған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстан мұсылмандары биыл Құрбан айтты 27-29 мамыр аралығында атап өтеді. ҚМДБ мәліметінше, ұлық мерекенің алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыған орай әлеуметтік желілер мен подкаст платформаларында дін тақырыбындағы сұхбаттар мен уағыздар көбейген. Солардың бірі – Нұрлан имамның Құрбан айтқа қатысты айтқан ойлары. Имам өз уағызында айт мерекесінің басты мәні құрбан шалумен ғана шектелмейтінін атап өткен. 

"Құрбандықтың ең үлкені - ұрпағын дұрыс тәрбиелеу. Сіз жыл сайын ірі қара шала беріңіз, бірақ ұрпағыңыз жетесіз болса, ол сізге не пайда әкеледі? Абай атамыз: Сен өзің, артыңдағы ұрпағың жаман болса қай балаңның дұғасы сені құтқарады? Егер өзің жақсы болсаң, қай қазақ саған дұға қылмйды?, дейді. Сондықтан бүгінгі таңдағы құрбандықтың ең үлкені - дұрыс ұрпақ тәрбиелеу", - деді Нұрлан имам. 

Сондай-ақ Нұрлан имам адамдарды ысырапқа жол бермеуге, құрбандықты шынайы ниетпен шалуға шақырған. Ол әлеуметтік желідегі жарыс пен көрсетілім үшін емес, Алланың разылығы үшін жасалған амалдың ғана сауап болатынын айтқан.

Бұған дейін ҚМДБ да биылғы Құрбан айт кезінде қайырымдылық пен татулыққа ерекше мән берілетінін хабарлаған еді. Ел мешіттерінде «Айт – татулық мерекесі» акциясы ұйымдастырылып, халықты ауызбіршілікке шақыру жоспарланған. 

Айта кетейік, биыл құрбан шалу онлайн форматта да жүзеге асады. Qurban.muftyat.kz платформасы арқылы қазақстандықтар құрбандыққа мал таңдап, тапсырыс бере алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0