25.05.2026, 15:40

Қазақстандықтар шілде айында 9 күн демалатын болды

Фото: Depositphotos

Биыл Астана күні, яғни, 6 шілде дүйсенбіге түсіп тұр.

Қазақстандықтар шілде айында 9 күн демалады. Ал, Астана күніне орай қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Биыл Астана күні, яғни, 6 шілде дүйсенбіге түсіп тұр. Бұл мемлекеттік мереке болған соң, қазақстандықтар демалады.

Ал, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 4,5,6 шілде күндері, яғни, қатарынан үш күн демалады.

Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар тек 5 шілде мен 6 шілде күні демалады.