26.05.2026, 21:30

Ақтөбе облысында мектеп жұмысшысы суға батып қаза болды

Фото: gov.kz

Ол сол сәтте тыныс алмай жатқан.

Ақтөбе облысында соңғы қоңырау күні мектеп жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Диапазон» басылымының хабарлауынша, соңғы қоңыраудан кейін демалыс кезінде мектеп жұмысшысы суға батып, қайтыс болған.

Ақтөбе облысы Білім басқармасының мәліметінше, 59 жастағы ер адам мектепте слесарь болып жұмыс істеген. 25 мамыр күні түскі үзіліс кезінде ол отбасы және достарымен бірге Қуғаш өзенінің бөгетіне демалуға барған. Қайғылы жағдай сол жерде болды.

Аталған орын шомылуға арналмаған. Куәгерлер ер адамды құтқарушылар келгенге дейін судан шығарып алған. Ол сол сәтте тыныс алмай жатқан. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тынысы қалпына келтірілген. Кейін зардап шегуші Бадамша ауылындағы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол қайтыс болды.