Өткен жылы ауылдық кәсіпкерлікті шағын несиелеу нарығында Қордың үлесі - 32,6 пайызды (22,7 млрд. теңгені) құрады. Барлық қаржыландырған жобалардың үштен бір бөлігін әйел кәсіпкерлер жүзеге асыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, 2005 жылдан 2014 жылдың 1 тамызына дейін Қор тарапынан 78,6 млрд. теңгеге 85,8 несие берілді. Оның ішінде осы жылы - 16,4 млрд. теңгеге 5,7 мың несие.
2005 жылдан бастап Қор арқылы берілген несиелердің арқасында жұмыспен 85 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 2014 жылы - 8,5 мың адам.
Бүгінгі таңда Қордың несие қоржыны 49 млрд. теңгені құрап, 22 200 белсенді қарыз алушыны қамтиды.