27.05.2026, 14:30

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы құлады: Қаза тапқандар бар

Фото: Валерия Бугаева/Казинформ

Ұшақ авиациялық-химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

ҚР Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, ұшақ апаты 2026 жылғы 27 мамыр күні Павлодар облысы Железин ауылының маңында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға кезінде «Жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушылары» (ЭЛИСА) заңды тұлғалар бірлестігі пайдаланатын Ан-2 әуе кемесі құлаған. Ұшақ авиациялық-химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ электр тарату желілеріне тиіп кеткен.

Бортта екі адам болған, олардың бірі апат салдарынан қаза болды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екінші ұшқышты шығарып алды, ол аман.

— Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл авиациялық оқиғаны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен апаттарды зерттеу жөніндегі департаменті зерттеуі тиіс. Оқиға орнына департамент қызметкерлері жіберілді, — деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінен.