27.05.2026, 20:30

Павлодардағы әуе апаты: аман қалған ұшқыштың жағдайы белгілі болды

Фото: Pixabay

Қазір ұшқышқа қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір ұшқышқа қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр.

— Жансақтау бөліміндегі алғашқы тәулікте науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады. Бұл — хаттама талабы. Алғашқы тәулікте дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылайды, — деп мәлімдеді Павлодар қалалық №1 ауруханасы.

Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағы 27 мамыр күні таңертең Павлодар облысы Железинка ауылы маңында апатқа ұшыраған еді.