$ 477.48  555.83  6.65

Бейімбет Майлиннің «мойнына» отырып алған астаналық жазаланды

Полицияда астаналық қыздың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Жазушылар аллеясындағы ескерткіштің үстіне шығып алған қыздың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Пайдаланушылар оның әрекетін тарихи тұлғаға және қоғамдық орынға деген құрметсіздік деп сынады, деп хабарлайды Sn.kz  ақпарат порталы.

Видео жарияланғаннан кейін полицейлер қыздың жеке басын анықтады. Ол — Астананың 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Полицияда астаналық қыздың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары ескерткіштер мен мәдени мұра нысандарына қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салды. Ведомство өкілдері ескерткіштерді қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланып, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0