27.05.2026, 23:30

Астанада көпқабатты тұрғын үй өртенді

Фото: ТЖМ

Пәтер ішіндегі үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар жанған.

Астанада Ш. Құдайбердіұлы даңғылы бойында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы

Пәтер ішіндегі үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар жанған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері өртті 30 шаршы метр аумақта толық сөндірді.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өздігінен қауіпсіз жерге шыққан.

Зардап шеккендер жоқ.