28.05.2026, 16:00

Қазақстандық блогер футболшы Поль Погбаға ұлттық киім тарту етті (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Кездесу Францияның Канн қаласында өткен блогинг және цифрлық контент саласындағы халықаралық беделді марапаттау кешінде болған.

Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым әлем чемпионы, әйгілі футболшы Paul Pogbaмен кездесіп, оған қазақы нақыштағы киім сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу Францияның Канн қаласында өткен блогинг және цифрлық контент саласындағы халықаралық беделді марапаттау кешінде болған.

Блогердің айтуынша, ол Поль Погбамен дастархандас болып, еркін әңгімелескен. Сондай-ақ тараптар байланыс нөмірлерімен алмасып, болашақта бірлескен жоба жасау туралы келіскен.

«Ұлттық стильдегі отандық брендтің киімдерін сыйға тарттым. Иығына жекет жауып, қолына тақия ұстаттым», – деді Дастан Мұхамедрахым.

Ол әңгіме барысында футболшыға Қазақстанның табиғатын көрсеткенін де айтты. Блогердің сөзінше, Поль Погба елімізге қызығушылық танытып, Қазақстанға келгісі келетінін жеткізген.

«Алдағы уақытта Поль Погбаны Қазақстанда күтеміз», – деп жазды ол.