$ 477.48  555.83  6.65

Михаил Шайдоровтың дауы: Еңбек министрлігі Олимпиада чемпионының шағымына қатысты пікір білдірді

"Бұл -Туризм және спорт министрлігінің құзыретіндегі мәселе".

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа төлемдердің берілмей жатқандығы туралы ақпаратқа байланысты түсініктеме берді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомство өкілінің сөзінше, министрлік бұл жағдайдан әлеуметтік желілер арқылы хабардар болған, алайда спортшы тарапынан әлі ешқандай ресми өтініш түспеген.

“Мен бұл ақпаратты таңертең көрдім. Бұл -Туризм және спорт министрлігінің құзыретіндегі мәселе. Ол кісі жалақы төлеміне қатысты біздің ведомствоға жүгінген жоқ", - деп мәлімдеді вице-министр журналистерге берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0