Зардап шегуші жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.
28 мамырда «Нұрлы жол» вокзалының аумағында ер адам көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астана қаласының полиция департаменті суицидке әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Зардап шегуші жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді, қазіргі уақытта оған қажетті көмек көрсетілуде, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.