$ 477.48  555.83  6.65

Президент: «ЖИ енгізілуіне байланысты әлемдегі жұмыс орындарының 40%-ы қысқаруы мүмкін»

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев V Еуразиялық экономикалық форумнда мәлімдеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Жасанды интеллект технологиясының енгізілуіне қарай дүние жүзіндегі жұмыс орындары 40 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев V Еуразиялық экономикалық форумнда мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Халықаралық сарапшылар, мәселен, Goldman Sachs алдағы он жыл ішінде жасанды интеллектіні қолдану әсерінен әлемдік ішкі жалпы өнімнің өсімі 7 триллион долларға жақындауы мүмкін деп пайымдайды", - деді президент.

Оның айтуынша бұл жаңа технологиялық қалыптың түзілуіне алып келеді. Соның салдарынан экономиканың барлық секторындағы еңбек нарығының құрылымы түбегейлі өзгереді.

"Мәселен, Халықаралық валюта қорының бағалауынша, алдағы жылдары жасанды интеллект технологиясының енгізілуіне қарай дүние жүзіндегі жұмыс орындары 40 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Демек, шартараптағы жүздеген миллион адам жаппай білімін жетілдіріп, жаңа дағдыларды меңгеруге тиіс", - деп толықтырды мемлекет басшысы.

Оның пікірінше әлеуетті мемлекеттер ауқымы жағынан белгісіз міндеттермен бетпе-бет келіп, ұлттық білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге мәжбүр болады.

"Цифрлық технологияларды қарқынды экономикалық және қоғамдық даму тетігіне айналдыра аламыз ба? Бұл – ең басты мәселе.

Аз да болса амбициясы бар елдердің келешегі аталған мәселені қаншалықты табысты шешуіне тікелей байланысты десек, артық айтқандық емес.

Дәл осы себепті Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық еткен жылы Одақ аясында елдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын "төрт еркіндік" қағидатының құралы ретінде нақты қолдануды ұсынды", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0