Әлеуметтік желіде ескерткішке шығып алған жастардың суреті тарағаннан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Қонаев қаласындағы Орталық саябақта орналасқан Бердібек Соқпақбаев пен оның «Менің атым Қожа» шығармасындағы кейіпкерге арналған ескерткішке құрметсіздік танытқан жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде ескерткішке шығып алған жастардың суреті тарағаннан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде тәртіп бұзуға қатысы бар 17 жастағы жасөспірім ұсталды.
Полицияның мәліметінше, ол қазіргі уақытта балаларға арналған арнайы мекемеде тәрбиеленіп жатыр.
«Оқиғаға байланысты кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жолданды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары жасөспірімнің заңды өкілінің қатысуымен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген.