28.05.2026, 23:10

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады

Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандар жасанды интеллект музейінің жәдігерлерімен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стендтерімен танысты.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары Еуразия экономикалық форумы аясындағы көрмені тамашалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Форумда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен делегация жетекшілерінің назарына озық технологиялық және цифрлық шешімдер көрмесі, сондай-ақ Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері ұсынылды.

Мәртебелі меймандар жасанды интеллект музейінің жәдігерлерімен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стендтерімен танысты.

Қазақстан тарапы цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы негізгі бастамаларын, соның ішінде Astana Smart City, Alem GPT, Smart Data Finance, Smart Cargo+Keden және басқа да жобаларын көрсетті.