$ 485.55  563.38  6.81

Ақмола облысында көкпар кезінде қайғылы жағдай болды

2012 жылы туған бала аттан құлап, көз жұмды.

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім мерт болды. Кәмелетке толмаған адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы жағдай 26 мамырда болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Целиноград ауданында көкпар ұлттық ойынына жаттығу кезінде болған. 2012 жылы туған бала аттан құлап, көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Тергеу іс-шаралары шеңберінде жаттығуды ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Ақмола оьлысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0