$ 485.55  563.38  6.81

«Ағамыз осы сәтті өмірбойы күткен сияқты»: Заттыбектің әніне билеген жанкүйер желіні жарды (ВИДЕО)

Кейбір қолданушылар тіпті матчтағы ең есте қалған сәттің өзі осы жанкүйердің биі болғанын жазған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы тартысты матчта футболдан бөлек тағы бір әсерлі сәт көпшіліктің назарын аударды. Трибунада отырған ерекше жанкүйердің шынайы эмоциясы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матч барысында стадион динамиктерінен әнші Заттыбек Көпбосынұлының әні қосылған сәтте ер адам орнынан тұрып, еш қысылмастан билей жөнелген. Оның көтеріңкі көңіл күйі мен шынайы қуанышы алып экраннан көрсетіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Көп ұзамай видео әлеуметтік желілерде тарап, мыңдаған қаралым жинады. Желі қолданушылары ерекше жанкүйердің әрекетін жылы қабылдап, оған қатысты көптеген жағымды пікір қалдырды.

  • «Ағамыз осы сәтті өмір бойы күткендей ғой».
  • «Нағыз позитив адам екен».
  • «Осындай шынайы эмоция үшін футболға барғанның өзі бір бақыт».
  • «Көңіл күйді көтеріп жіберді».
  • «Стадионның жұлдызы осы кісі болды».

Көпшілік оның ешкімнен қысылмай, өз эмоциясын еркін көрсеткеніне тәнті болған. Кейбір қолданушылар тіпті матчтағы ең есте қалған сәттің өзі осы жанкүйердің биі болғанын жазған.

Айта кетейік, кездесуде шымкенттік «Ордабасы» алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді. Алайда ойыннан кейін әлеуметтік желіде ең көп талқыланған сәттердің бірі дәл осы ерекше жанкүйердің көтеріңкі көңіл күйі болды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0